«Тараз» сапында екі тәжірибелі футболшы жаттығуда

04.02.2021, 03:23
Екі футболшы да қазір еркін агент болып табылады.
«Тараз» сапында екі тәжірибелі футболшы жаттығуда

"Ақтөбе" командасының ойыншысы Жамбыл Көкеев пен "Жетісудың" экс-жартылай қорғаушысы Педро Еуженио "Тараз" сапында қаралымда жүр.

Жамбыл Көкеев "Ақтөбе" сапында 2018 жылдың қаңтарынан бері ойнап келеді. Барлығы ол Премьер-лигада 263 матч өткізіп, 35 гол соқты. Жамбыл бұған дейін "Қайрат", "Алма-Ата", "Шахтер", "Астана" және "Қайсар" клубтарында ойнаған.

Педро Эуженио мансабын 2009 жылы португалиялық "Мессиненседе" бастады. Содан кейін ол "Лолетана", "Фаренсе", болгариялық "Берое", "Хасково 2009", "Черноморец"және "Верея", сондай-ақ түркиялық "Алтай" клубтарында ойнады.


Өткен маусым басталар тұста ол талдықорғандық "Жетісуға" ауысып келді. 17 матчта бой көрсетіп, 5 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×