Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасындағы төртінші тур аясында «Тараз» өз алаңында Ақтаудың «Каспий» клубын қабылдады.
Матчқа командалар келесі құраммен шықты:
«Тараз»: Жанғалиев, Нұралы, Кеулімжай, Лесбек, Жұмат, Серікұлы, Өмірзақов, Төребек, Ерден, Нұрсеитов, Сүлей.
«Каспий»: Пасеченко, Таипов, Байтана, Нұрғалиев, Серікбай, Шәмші, Әріпов, Қожаберді, Тұрлыбек, Айтбаев, Блохин.
Кездесу қарқынды басталып, 10-минутта қонақтар сапынан Әлішер Сүлей есеп ашты. Алайда 44-минутта Берік Айтбаев таразы басын теңестірді.
Екінші таймда қақпашы Жандар Жанғалиевтің қателігін тиімді пайдаланған Нұрмұхаммед Ислам жеңіс голын соқты. Есеп: 1:2.
Осылайша, «Каспий» 12 ұпаймен турнирлік кестеде жеке-дара көш бастады. Павлодардың «Ертіcі» мен Қарағандының «Шахтері» (екеуінде де 10 ұпайдан) 2-3-орындарды бөлісіп тұр. Ал «Тараз» 6 ұпаймен 6-орында орналасқан.