Ақтаулық "Каспий" Премьер-лиганың 17-турында Петропавлдық "Қызыл-Жар" командасымен тең ойнады. Талғар қаласындағы Ұлттық құраманың базасында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Матчтағы алғашқы голды 7-минутта "Қызыл-Жар" футболшысы Григалашвили соқты. Ал жауапты гол екінші таймда салынды. 69-минутта Амандық Набиханов көзге түсіп, командасына бір ұпай сыйлады.
"Қызыл-Жар" бұл ойыннан кейін 16 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді. Ал "Каспий" 11 ұпаймен оныншы орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET