Пенальти соға алмаған «Оқжетпес» «Шахтерге» есе жіберді

04.11.2020, 19:50
Қарағандылық ұжым бірден бесінші орынға көтерілді
Пенальти соға алмаған «Оқжетпес» «Шахтерге» есе жіберді

Қарағандылық "Шахтер" Премьер-лиганың 17-турында Көкшетаулық "Оқжетпестен" басым түсті. Тимур Сегізбаев атындағы стадионда өткен матч 2:1 есебімен аяқталды.

Ойынның есебін 41-минутта "Оқжетпес" ойыншысы Милан Стоянович ашты. Ол тікелей айып соққысынан гол салды. Бірақ екінші тайм бастала салысымен Сергей Зенёв бұл голға жауап қатты. Ал 57-минутта дәл осы Зенёв дубль авторы атанды. 73-минутта "Шахтер" қақпасына пенальти белгіленіп, бұл мүмкіндікті Дарко Зорич пайдалана алмады.

"Шахтер" осы жеңістің арқасында 20 ұпаймен бесінші орынға көтерілді. "Оқжетпес" 11 ұпаймен оныншы орында қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×