«Каспий» мен «Қызыл-Жар» ұпай бөлісті

04.11.2020, 21:52
«Каспий» бір ұпайдың арқасында «Оқжетпесті» артқа тастады.
«Каспий» мен «Қызыл-Жар» ұпай бөлісті

Ақтаулық "Каспий" Премьер-лиганың 17-турында Петропавлдық "Қызыл-Жар" командасымен тең ойнады. Талғар қаласындағы Ұлттық құраманың базасында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Матчтағы алғашқы голды 7-минутта "Қызыл-Жар" футболшысы Григалашвили соқты. Ал жауапты гол екінші таймда салынды. 69-минутта Амандық Набиханов көзге түсіп, командасына бір ұпай сыйлады.

"Қызыл-Жар" бұл ойыннан кейін 16 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді. Ал "Каспий" 11 ұпаймен оныншы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×