«Каспий» осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

04.04.2021, 23:17
«Каспий» бірден бесінші орынға көтерілді.
«Каспий» осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

"Каспий" клубы Премьер-лиганың үшінші турында талдықорғандық "Жетісумен" кездесті. Ақтау қаласындағы "Жас Қанат" стадионында өткен матчта алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның 12-минутында "Каспий" клубының жартылай қорғаушысы Вайди Сали пенальтиден гол соқты. Ал 82-минутта Руслан Мингазов есепті еселеді.

Осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген ақтаулық клуб 4 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады. Ал үш ұпайы шегерілген талдықорғандық клуб он екінші орында қала берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×