«Тұран» мен «Қайсар» жеңімпазды анықтай алмады

05.04.2021, 01:01
90 минут бойы гол соқпаған қос команда соңғы үш минутта екі гол соқты.
«Тұран» мен «Қайсар» жеңімпазды анықтай алмады

"Тұран" командасы футболдан ел біріншілігінің үшінші туры аясында қызылордалық "Қайсармен" кездесті. "Түркістан Аренада" өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

Қос команда 90 минут бойы қақпадан саңылау таба алмады. Ал 91-минутта "Тұран" клубының шабуылшысы Темірлан Әміров есеп ашты. Бірақ бұл жеңіс голы ретінде тіркелмеді. Себебі 93-минутта Арман Кеңесов шабуылды сәтті аяқтап, таразы басын теңестірді.

Түркістандық клуб бұл ойыннан кейін 2 ұпаймен тоғызыншы орынға көтерілді. Үш турда бір ұпай жинаған "Қайсар" он бірінші орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×