«Каспий» өзбекстандық клубқа есе жіберді

08.02.2022, 19:27
Бұл команда өткен маусымда өз лигасында үшінші орынға ие болды.
«Каспий» өзбекстандық клубқа есе жіберді

Ақтаулық «Каспий» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында өзбекстандық АГМК командасынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Матч барысында Хуршид Гиёсов дубль жасады.

«Каспий»: Нұрлыбек Аязбаев (қ) – Мақсат Тәйкенов, Тарас Бондаренко, Артем Барановский, Никола Цуцкич – Думан Нәрзілдаев, Шафик Тигруджа, Еркебұлан Нұрғалиев – Павел Киреенко, Арман Нүсіп, Алмас Арменов

АГМК Өзбекстан Суперлигасының өткен маусымында 47 ұпай жинап, 3-орынға ие болды.

Николай Костов шәкірттерінің келесі ойыны 11 ақпанда украиналық «Колосқа» қарсы өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×