«Каспий» ресейлік қақпашымен мәміле жасаспақ

24.07.2022, 01:34
Жас қақпашы бірнеше күн бұрын беларусьтік клубтан кеткен еді.
«Каспий» ресейлік қақпашымен мәміле жасаспақ

23 жастағы ресейлік қақпашы Алексей Козлов мансабын Қазақстанда жалғастарады.

Инсайдер Владимир Жарковтың айтуынша, «Минск» клубынан кеткен Козлов еркін агент ретінде ақтаулық «Каспийге» қосылады.

Алексей футболдағы алғашқы қадамдарын Ресейде жасады. Бірақ бірінші кәсіби келісім-шартын 2018 жылдың жазында литвалық «Утенис» клубымен жасасты. Одан кейін мансабын ресейлік «Иртыш» (Омбы) клубында жалғастырды.

2019 жылдың жазында Козлов «Торпедо-БелАЗ Жодиномен» келісім-шартқа отырды. Сол жылы командамен бірге чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

Өткен жылдың ортасында қақпашы «Гомельге» ауысты. Бірақ көп ұзамай «Минск» командасына қосылды. Содан бері 13 матчқа қатысып, төрт ойында қақпасын голдан аман сақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×