«Қайсар» Қазақстан кубогі аясында өткізген үш матчта да жеңіске жетті

24.07.2022, 02:00
Тоғыз ұпай жинаған қызылордалық клуб плей-офф кезеңіне шығуға жақын тұр.
«Қайсар» Қазақстан кубогі аясында өткізген үш матчта да жеңіске жетті

«Каспий» Қазақстан кубогі топтық кезеңінің үшінші турында «Қайсарды» қабылдады. Матч Ақтаудағы «Жас Қанат» стадионында өтіп, 1:2 есебімен аяқталды.

Ойынның 34-минутында есеп ашқан Адама Диалло бірінші тайм аяқталар тұста пенальтиден гол соғып, дубль жасады. Ал 92-минутта алаң иелері сапында Руан Телеш көзге түсті.

«Каспий» – «Қайсар» – 1:2

«Каспий»: Нұрлыбек Аязбаев (қ) (к) – Мақсат Тәйкенов, Тарас Бондаренко, Думан Нәрзілдаев, Әлішер Сүлей – Шафик Тигруджа, Еркебұлан Нұрғалиев, Аслан Әділ – Максим Ваганов, Руан Телеш, Павел Киреенко;

«Қайсар»: Нұрымжан Салайдын (қ) – Константин Горизанов, Әділбек Жұмаханов, Демият Сламбеков, Жоао Педро, Аян Кұлмағанбетов – Мақсат Байжанов (к), Сергей Бондаренко, Руслан Сахалбаев – Кирилл Сидоренко, Адама Диалло;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×