«Каспий» сегіз ойыншымен келісім-шартқа отырды

26.02.2021, 20:11
Төрт ойыншымен келісім-шарт ұзартылды, ал қалған төртеуі командаға жаңадан қосылды.
«Каспий» сегіз ойыншымен келісім-шартқа отырды

Ақтаулық "Каспий" сегіз ойыншымен келісім-шарт жасасқанын жариялады.

Амандық Нәбиханов, Марко Милошевич, Мақсат Тайкенов, Стефан Букорац былтыр "Каспий" сапында ойнаған және алдағы маусымда да ақтаулық команданың намысын қорғайтын болады.


32 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев соңғы бір жарым жылдан бері "Жетісу" сапында өнер көрсетті. Талдықорғандық клубта 34 матч өткізіп, 3 гол соқты. Сонымен қатар ол "Шахтер", "Ақтөбе", "Атырау", "Қайрат", "Ертіс" және "Тобыл" командаларында доп тепкен. Жалпы Қазақстан Премьер-лигасында 264 матч өткізіп, 31 гол соқты.


Түркменстан ұлттық құрамасының 29 жастағы жартылай қорғаушысы Руслан Мингазов өткен маусымның бірінші жартысында "Ертіс" командасының намысын қорғады, ал клуб жабылғаннан кейін ол "Шахтермен" келісім-шарт жасасты. Қарағандылық команда құрамында 13 кездесу өткізіп, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.


28 жастағы украиналық қорғаушы Тарас Бондаренко бұған дейін өз елінде, сондай-ақ Сербия чемпионатында "Металлац" пен "Раднички" клубтарында ойнаған. Ол 2020 жылғы маусымды "Каспийде" бастап (3 матч, 1 гол), "Оқжетпес" клубында аяқтады (16 матч, 2 гол).


29 жастағы француз жартылай қорғаушысы Шафик Тигруджа мансабын 2011 жылы францялық "Ле Понте" клубында бастаған. Ол сондай-ақ Францияда "Ньор" пен "Лез Эрбье", кипрлік "Алки", албаниялық "Кукеси" және әзірбайжандық "Зира" командаларында доп тепкен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×