«Қайсар» «Црвена Звезда» түлегін қатарға қосты

26.02.2021, 20:00
Стефан «Қайсардың» Түркияда өткізген барлық матчына қатысты.
«Қайсар» «Црвена Звезда» түлегін қатарға қосты

Атақты "Црвена Звезда" клубының түлегі Стефан Денкович қызылордалық "Қайсармен" бір жылдық келісім-шартқа қол қойды.

Денкович бірнеше еуропалық клубта өнер көрсеткен. Атап айтсақ, израильдік "Хапоэль Хайфа", сербиялық "Войводина", венгриялық "Пушкаш Академия", черногориялық "Сутьеска", "Бокель", белоруссиялық "Земун", польшалық "Завиша".

29 жастағы шабуылшы соңғы үш маусымда сербиялық "Спартак" Субботицаның намысын қорғаған. Бұл клуб үшін 54 матч өткізіп, 20 гол соққан.

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×