«Каспий» сырт алаңда «Жетісудан» басым түсті

13.06.2021, 00:55
Тигруджа чемпионаттағы ең әдемі голдардың бірін соқты.
«Каспий» сырт алаңда «Жетісудан» басым түсті

"Жетісу" Қазақстан Премьер-лигасының он бесінші турырда "Каспийді" қабылдады. Матч Талдықорғандағы "Жетісу" стадионында өтіп, 0:1 есебімен ақтаулық клубтың пайдасына шешілді.

Ойынның 18-минутында Шафик Тигруджа алыстан өте жойқын соққы бағыттап, чемпионаттағы ең әдемі голдардың бірін соқты. Ал 64-минутта Айбар Жақсылықов пенальтиден гол соға алмады.

"Жетісу" бұл ойыннан кейін 10 ұпаймен он екінші орында қала берді. Ал ақтаулық клуб 23 ұпаймен төртінші орынға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×