Жаңа бас бапкер тағайындаған «Ақтөбе» алғашқы матчта жеңіске жетті

13.06.2021, 02:46
Масудов алғашқы матчында үш ұпайға қол жеткізді.
Жаңа бас бапкер тағайындаған «Ақтөбе» алғашқы матчта жеңіске жетті

"Ақтөбе" Қазақстан Премьер-лигасының он бесінші турында. "Атыраумен" кездесті. Вахид Масудовтың жетекшілігімен алғашқы матчын өткізген "ақ-қызылдар" 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды Боян Дубайич соқты. Тонго Думбия алаң ортасында допты тартып алып, қақпаға соққы жасады. Қақпа бағанасынан кері серпілген допты Боян голға айналдырды.

"Ақтөбе" бұл жеңістен кейін 16 ұпаймен оныншы орынға көтерілді. "Атырау" 21 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×