«Каспий» «Тараздан» басым түсті

24.11.2020, 21:07
«Каспий» соңғы орында тұрған командадан алты ұпайға озып кетті.
«Каспий» «Тараздан» басым түсті

Ақтаулық "Каспий" Қазақстан біріншілігінің 20-турында "Таразды" жеңді. Тимур Сегізбаев атындағы стадионда өткен ойын 1:0 есебімен ақтаулық команданың пайдасына аяқталды.

Жалғыз әрі жеңісті голды 45-минутта Арман Нүсіп қапталдан асырылған пасты баспен қақпаға бағыттау арқылы соқты.

Үш ұпайға ие болған "Каспий" 17 ұпаймен оныншы орында тұр және соңғы орындағы "Оқжетпестен" алты ұпайға озып кетті. Ал "Тараз" 20 ұпаймен сегізінші орында қала берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×