«Барселона» Пикенің орнына клубсыз жүрген қорғаушыны алуы мүмкін

24.11.2020, 21:32
Гарай соңғы рет алаңға екінші ақпанда шыққан болатын.
«Барселона» Пикенің орнына клубсыз жүрген қорғаушыны алуы мүмкін

"Барселона" "Валенсияның" бұрынғы орталық қорғаушысы Эсекьель Гараймен келісімшартқа отыруы мүмкін, деп хабарлайды AS.

Дереккөздің хабарлауынша, клуб 34 жастағы аргентиналық қорғаушыны жарақат алған Жерар Пикенің орнын басатын ойыншы ретінде қарастыруда. Естеріңізге сала кетейік, Пике Ла Лиганың 10-шы турында "Атлетико Мадридпен" болған ойында ауыр жарақат алған болатын (0:1). Кездесудің 62-минутында қорғаушы алаңнан кетіп, оның орнына Серджиньо Дест шықты. Кейіннен Пикеге тізедегі 3-ші дәрежелі ішкі бүйірлік байламдардың созылуы деген диагнозы қойылды.

Гарай каталондық клубқа еркін агент ретінде қосыла алады. Жазда футболшы "Валенсиядан" келісімшарты аяқталғаннан кейін кеткен еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×