«Тобыл» «Оқжетпесті» еш қиындықсыз жеңді

25.11.2020, 00:51
«Тобыл» екінші орынды ешкімге бергісі келмейді.
«Тобыл» «Оқжетпесті» еш қиындықсыз жеңді

Көкшетаулық "Оқжетпес" Қазақстан чемпионатының 20-турында Қостанайлық "Тобылға" есе жіберді. Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өткен кездесу 0:2 есебімен аяқталды.

Ойындағы алғашқы голды 38-минутта Жереми Манзорро Сенин Себайдың пасынан кейін соқты. Ал 60-минутта Сұлтан Әбілғазы екінші голды соғып, матчтың нүктесін қойды. Бұл жолы нәтижелі пасты Сергей Малый өз атына жазды.

Сенімде түрде жеңіске жеткен "Тобыл" 35 ұпаймен екінші орынға тұрақтады. "Оқжетпес" 11 ұпаймен соңғы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×