«Шахтер» «Жетісуға» есе жіберді

25.11.2020, 01:00
«Шахтер» төртінші орынға көтерілу мүмкіндігінен айырылды.
«Шахтер» «Жетісуға» есе жіберді

Қарағандылық "Шахтер" Премьер-лиганың 20-турында Талдықорғандық "Жетісудан" жеңіліп қалды. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 1:2 есебімен аяқталды.

23-минутта "Жетісу" шабуылшысы Мартин Тошев командасын алға шығарды. Ал 74-минутта Педро Эуженио есепті еселеді. Бірақ араға төрт минут салып Айдос Тәттібаев есеп айырмасын қысқартты.

"Жетісу" осы жеңістің арқасында 25 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді. Горовенко шәкірттері 26 ұпаймен бір саты жоғарыда тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×