«Каспий» үш ресейлік ойыншымен қош айтысты

06.02.2021, 17:33
Ресейлік қақпашы небәрі бір ғана матчқа қатысыпты.
«Каспий» үш ресейлік ойыншымен қош айтысты

Өткен маусымда "Каспий" сапында ойнаған үш ресейлік командадан кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.

26 жастағы қақпашы Денис Кавлинов "Каспий" сапында 1 матч өткізіп, 3 гол жіберіп алды. 26 жастағы қорғаушы Лайонел Адамс 15 ойынға қатысып бір нәтижелі пас пен сегіз сары қағаздың авторы атанды. 29 жастағы жартылай қорғаушы Владислав Сиротовтың ақтаулық клубтың жейдесінде 10 матч өткізді.

Еске салайық, бұған дейін клубтан Рақымжан Розыбакиев ("Тараз"), Еркебұлан Нұрғалиев ("Ақтөбе"), Марат Шахметов ("Қайсар") және Михаил Габышев ("Шахтер") кеткен болатын. Ал жақын күндері Аслан Дарабаевпен келісімшартқа отырады деп болжануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×