Соңғы онжылдықтағы Азияның үздік ойыншысы анықталды

06.02.2021 12:55 Әлем футболы

Бұл шешімге ешкім қарсы шықпайтын секілді.

Соңғы онжылдықтағы Азияның үздік ойыншысы анықталды

Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) соңғы онжылдықтағы Азияның үздік футболшыларының тізімін жариялады.

Рейтингте "Тоттенхэм" мен Корея құрамасының шабуылшысы Сон Хын Мин көш бастады. Екінші орында ЦСКА-ның бұрынғы жартылай қорғаушысы, қазіргі "Портимоненсе" клубының ойыншысы Кейсуке Хонда тұр. Үздіктер үштігін "Аль-Хиляль" клубы мен Сауд Арабиясы құрамасының жартылай қорғаушысы Салем Аль-Досари түйіндеді.

Еске салайық, Сон "Тоттенхэм" сапында 2015 жылдан бері ойнап келеді. Биылғы маусымда кореялық шабуылшы Англия Премьер-лигасында 21 кездесуге қатысып, 12 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Футболшының "Тоттенхэммен" қазіргі келісімі 2023 жылдың жазына дейін жасалған. 2010 жылдан бастап Сон Корея құрамасына шақыртылып жүр.

0 пікір