«Каспий» үш ұпайға қол жеткізді

22.11.2020, 01:58
Көкшетаулық команданың жағдайы қиындады.
«Каспий» үш ұпайға қол жеткізді

"Каспий" Премьер-лиганың 19-турында "Оқжетпестен" басым түсті. Кездесу 2:1 есебімен ақтаулық команданың пайдасына аяқталды.

12-минутта Руслан Сахалбаев есеп ашты. "Каспийдің" басымдығын 78-минутта пенальтиді сәтті орындаған Билал Себайхи нығайтты. Артем Дмитриев 83-минутта есепті қысқартқан еді, бірақ "Оқжетпес" ойыншылары матч соңына дейін екінші голды соға алмады.

Үш ұпайды еншілеген Ақтаулық команда 14 ұпаймен оныншы орында қала берді. Ал "Оқжетпес" 11 ұпаймен соңғы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×