«Тараз» футболшылары маусымның соңғы бөлігін жалақысыз ойнап беруге келісті

22.11.2020, 01:46
Командадағы бірқатар ойыншылардың келісімшарты аяқталды.
«Тараз» футболшылары маусымның соңғы бөлігін жалақысыз ойнап беруге келісті

"Тараз" командасының бапкерлері мен футболшылары Қазақстан біріншілігінің соңғы бөлігін жалақысыз ойнап беруге келісті. Бұл туралы клубтың атқарушы директоры Талғат Тұрлыбайұлы айтты. 

"Қуанышымызға орай, біздің барлық ойыншыларымыз, қазақстандық және шетелдік футболшылар, сонымен қатар бапкерлер келіссөзден кейін клубтың жағдайын түсініп, маусымның соңын келісімшарттарының аяқталғанына қарамастан тегін ойнап беретін болды. Осындай қиын жағдайда футболшылар мен бапкерлердің командадан кетіп қалмағанына қатты қуаныштымын", - делі Талғат мырза клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, бүгін "Тараз" Қазақстан біріншілігінің 19-турында "Жетісу" командасын 1:0 есебімен жеңген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×