«Қызыл-Жар» соңғы минутта «Қайраттан» жеңісті жұлып әкетті

21.11.2020 16:55 ҚПЛ

Ойын барысында Алматылық ұжымның екі ойыншысы алаңнан қуылды.

«Қызыл-Жар» соңғы минутта «Қайраттан» жеңісті жұлып әкетті

Алматылық "Қайрат" Қазақстан біріншілігінің 19-турында Петропавлдық "Қызыл-Жардан" жеңіліп қалды. Алматының Орталық стадионында өткен матч 2:3 есебімен аяқталды.

Кездесудегі алғашқы голды 16-минутта "Қайрат" ойыншысы Данияр Үсенов соқты. Араға бес минут салып Алматылық команданың қорғаушысы Нұрлан Дайыров қызыл қағаз алып алаңнан қуылды. Ал Драченко пенальтиді сәтті орындады. 26-минутта Григалашвили командасын алға шығарды. Дегенмен 33-минутта Андрей Ульшин есепті қайта теңестірді. Ойынның 90-минутында қосалқы құрамнан алаңға шыққан Камо Оганесян қызыл қағаз алды. Ал соңғы минутта "Қызыл-Жар" футболшысы Тимур Мульдинов жеңісті жұлып әкетті.

Үш ұпайға қол жеткізген Петропавлдық команда 19 ұпаймен тоғызыншы орынға тұрақтады.

0 пікір