Гвардиола: «Моуриньо Англия құрамасының дәрігеріне баруы керек»

21.11.2020, 21:34
Гвардиоланың айтуына қарағанда Стерлинг бүгінгі матчқа қатыспайтын секілді.
Гвардиола: «Моуриньо Англия құрамасының дәрігеріне баруы керек»

"Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола "Тоттенхэмнің" тәлімгері Жозе Моуриньоның ойыншыларға қысым жасау туралы айтқан сөзіне жауап берді. Бұған дейін португалиялық маман кейбір жаттықтырушылар өз ойыншыларын ұлттық құрамаға жібермеу үшін оларға қысым жасайды деп айтқан болатын. Мысал ретінде ол жарақатына байланысты ұлттық құрамаға бармаған "Манчестер Ситидің" шабуылшысы Рахим Стерлингті келтірді. Моуриньо Стерлингтің Ұлттар лигасындағы ойындарды жіберіп алғанымен, бүгін болатын "Тоттенхэмге" қарсы ойында негізгі құрамда шығуы мүмкін екенін айттты.

"Моуринью Англия құрамасы мен "Манчестер Ситидің" дәрігерлеріне баруы керек. Мүмкін Моуриньо өзі дәрігер шығар, мен білмеймін. Мен дәрігер туралы айттым, өйткені ол бізді істеген ісіміз үшін айыптады, бұл шындыққа сәйкес келмейді, сондықтан дәрігерлермен осы туралы жақсылап сөйлесу керек", - деді Гвардиола Goal басылымына берген сұхбатында.

"Манчестер Сити" мен "Тоттенхэм" арасындағы матч бүгін, 21 қарашада өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×