«Тараз» «Жетісудан» басым түсті

21.11.2020, 20:54
Ойынның тағдырын бір гол шешіп кетті.
«Тараз» «Жетісудан» басым түсті

Талдықорғандық "Жетісу" Премьер-лиганың 19-турында "Таразға" есе жіберді. Талғар қаласындағы Ұлттық құраманың базасында өткен ойын 0:1 есебімен аяқталды.

Матчтың тағдырын шешкен жалғыз голды 28-минутта Больевич соқты. Одан бөлек, кездесу барысында алты сары қағаздың да куәсі болдық. Оның төртеуі "Жетісу" ойыншыларына, қалған екеуі "Тараз" ойыншыларына көрсетілді.

Үш ұпайға қол жеткізген "Тараз" 20 ұпаймен сегізінші орынға тұрақтады. "Жетісу" 22 ұпаймен бір саты жоғарыда тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×