«Қайсар» «Ордабасының» тас-талқанын шығарды

21.11.2020, 20:52
«Ордабасы» «Астананың» бүгінгі жасаған қателігін пайдалана алмады.
«Қайсар» «Ордабасының» тас-талқанын шығарды

Шымкенттік "Ордабасы" Қазақстан чемпионатының 19-турында Қызылордалық "Қайсардан" оңбай ұтылды. Матч Тимур Сегізбаев атындағы стадионда өтіп, 0:3 есебімен аяқталды.

Ойынның есебін 52-минутта "Қайсар" қорғаушысы Иван Граф ашты. Кездесудің 66-минутында "Ордабасы" қорғаушысы Тимур Досмағамбетов алаңнан қуылды. Ал 69-минутта Асхат Тағыбергеннің алыстан бағыттаған соққысы қақпа торында тулады. Араға 6 минут салып команда капитаны дубль авторы атанды.

"Қайсар" осы жеңістің арқасында 24 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді. "Ордабасы" 27 ұпаймен төртінші орынын сақтап қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×