«Шахтер» «Астананы» еш қиындықсыз жеңді

21.11.2020, 19:48
Қарағандылық команда бесінші орынға көтерілді.
«Шахтер» «Астананы» еш қиындықсыз жеңді

Қарағандылық "Шахтер" Премьер-лиганың 19 турында "Астананы" еш қиындықсыз жеңді. Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды.

Ойындағы алғашқы голды "Шахтер" ойыншысы Руслан Мингазов соқты. 24-минутта Сергей Зенёв командасының екінші голын соқты. Бір қызығы, екі гол да бір сценарий бойынша соғылды. 69-минутта Еркін Тапалов есепті 3:0-ге жеткізді. Ал "Астана" сапынан жалғыз голды соңғы минутта Дидар Жалмұқан соқты.

Бұл жеңістен кейін "Шахтер" 26 ұпаймен бесінші орынға көтерілді. Бір ұпайы көп "Астана" төртінші орынға жайғасты

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×