Қатарынан екі жеңіліс «Қайратқа» ауыр тимей ме? Бірақ бас бапкері сенімді, «Елімайдың» жолы болып кетті деп есептейді екен

19.05.2025, 13:54

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Елімайға» қарсы ойынды қортындылап, матчқа қатысты пікірін айтты.

Қатарынан екі жеңіліс «Қайратқа» ауыр тимей ме? Бірақ бас бапкері сенімді,  «Елімайдың» жолы болып кетті деп есептейді екен
Рафаэль Уразбахтин

Кеше алматылық команда 9-тур аясында сырт алаңда жеңіліс тапқан болатын 0:1. Бұл «Қайраттың» ҚПЛ-2025-тегі алғашқы жеңілісі. Оған дейін Қазақстан Кубогінде «Ордабасыдан» дәл осындай есеппен ұтылғанын да қоса кетуіміз керек.

«Қызық матч болды, «Елімай» да, біз де шабуылдадық. Меніңше, тең ойын еді, бірақ қарсыластың сәл жолы болып кетті. Жеңістерімен құттықтаймын. Ештеңе жоқ, ары қарай жылжимыз. Жігіттерге үлкен рахмет, ешқайсысына айып таға алмаймын! Жеңсек бірге жеңеміз, жеңілсек те бірге жеңілеміз. Иә, енді ондай-ондай болып тұрады, жеңіліп қалдық, енді не болды. Ілгері басуымыз қажет – чемпионаттың төрттен үші әлі алда. Еңсемізді түсірмей, қортынды шығарып, алға қадам басамыз», - деді Р. Уразбахтин.

9 турдан кейін «Қайрат» 23 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Осы турда «Оқжетпесті» ұтқан (3:1) «Ақтөбе» көш бастаса, «Астана» үздік үштікті түйіндеуде.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×