
Қазақстандық жаттықтырушы «Ұлытау» футбол клубына бас бапкер болып тағайындалуы ықтимал.
Бұл туралы әріптесіміз, танымал спорт комментаторы, ҚФФ баспасөз қызметінің жетекшісі Ермұхамед Мәулен мәлімдеген болатын. Естеріңізде болса, осыған дейін біраз БАҚ-та 48 жастағы маман Қайрат Нұрдәулетовтің орнын басып, «Ертісті» жаттықтыруы мүмкін делінген. Алайда, соңғы ақпараттарға сәйкес К. Горовенконың жұмыс орны «Ұлытау» болы қалуы әбден мүмкін.
Константин Горовенко маусымға «Атырауды» дайындап қызметін өз еркімен кетті. «Мұнайшылар» қазақстандық маманның жаттықтыруымен жеңілістен көз ашпай, турнирлік кестеде төмен түсіп кеткен. Сөйтіп, 48 жастағы жаттықтырушы бас бапкерліктен кетуді ұйғарған еді. Константин Горовенко «Жетісу», «Мақтаарал», «Шахтер» және «Каспий» командаларында жұмыс істеді. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасында бас бапкердің көмекшісі болғаны да мәлім.
Жезқазғандық ұжым премьер-лигада 2 ұпаймен соңғы орында келеді. 9-турда Иван Азовскийдің командасы өзінің алаңында «Астанадан» ұтылып қалған болатын 0:2.
Біздің серіктес: FONBET