
Неміс бапкері Юрген Клопп аңызға айналған футболшы Франц Беккенбауэр туралы пікір білдіріп, оны тарихдағы ең үздік Германиялық футболшы деп атады.
"Беккенбауэр – кез келген адам кездескісі келетін керемет жан. Ол көңілді, ақылды болды. Жалпы барлық жақсы қасиеттерге ие еді. Ол маған сол кезде білмеген, бірақ өмірімде өте қажет болатын бір маңызды дүниені үйретті: “Сен атақты бола аласың, сен туралы БАҚ-та көп жазатын болады, бірақ соған қарамастан өзің болып қалуың керек.” Франц – керемет адам болды, ол Германия футболы тарихындағы ең үздік ойыншы." деді Клопп Give Me Sport басылымына берген сұхбатында.
Біздің серіктес: FONBET