
РПЛ-дің 29-турында грозныйлық «Ахмат» махачкаланың «Динамосын» қабылдап, тең тарқасты.
Ойынның 36-минутында қонақтар сапынан Сердер Сердеров пенальтиден есеп ашып, «Динамоны» алға шығарған. Ал 48-минутта алаң иелері есепті теңестірді. Голдың авторы Максим Самородов. Айта кетейік, алғашында нәтижелі соққы Родриго Руис Диастың еншісіне жазылған. Алайда, артынан қате түзетілген болатын. Матчтың өзіне келетін болсақ, есеп өзгерген жоқ -1:1.
РПЛ-24/25 маусымында Максим Самородов «Ахмат» сапында 29 матчта 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Ресейлік БАҚ-та «Ақтөбе» түлегіне «Краснодар», «Локомотив» және «Спартак» секілді клубтардың қызығушылығы жайлы айтылған. Қысқасы, маусым соңында Самородов клуб ауыстыруы мүмкін.
Сонымен, маусым аяқталуына бір тур қалғанда «Ахмат» 25 ұпаймен 14-орында тұр. Ал «Динамо» 28 ұпаймен 12-орынға жайғасқан. Турнир регламентіне сәйкес, 15-16-орын алған командалар Бірінші лигаға төмендесе, 13-14-орын иегерлері екінші дивизион командаларымен өзара мықтыны анықтап, жоғары дивизионда қалу құқығын сарапқа салады.
Біздің серіктес: FONBET