
Мадридтік “Реалдың" жетекшілері жартылай қорғаушы Джуд Беллингемнің осы маусымдағы ойынына қатты алаңдаушылық білдіруде. Бұл туралы испандық Marca басылымы хабарлады.
21 жастағы Англиялық футболшы 2023 жылы “Боруссия Дортмундтан” 115 миллион фунтқа ауысып келіп, алғаш маусымда-ақ 23 гол мен 13 нәтижелі пас тіркеп, бүкіл әлемді таңғалдырған болатын. Оның керемет ойыны "Реалдың" Ла Лига мен Чемпиондар Лигасын жеңіп алуына тікелей әсер еткен.
Алайда биылғы маусымда Беллингем бұрынғыдай жарқырай алмады. 13 гол, 14 нәтижелі пас. Команда үш бірдей маңызды турнирде де (Ла Лига, Чемпиондар Лигасы, Испания Кубогы) сәтсіздікке ұшырады.
Marca мәліметінше, клуб ішінде Беллингемнің формасын қалай қалпына келтіруге болатыны жайлы бірнеше жабық жиналыстар өткен.
Бас бапкер де футболшымен жеке сөйлесіп, футболдан тыс факторлардың әсері бар-жоғын анықтауға тырысқан.
Беллингемнің алаңдағы мінез-құлқы мен әсері бұрынғыдай емес. Жетекшілік (лидерлік) қабілетін дамыту жағынан да күткен нәтиже жоқ.
Бірақ, клуб өкілдері оның әлеуетіне сенеді және ол қайтадан өз деңгейіне оралады деп үміттенуде.
Біздің серіктес: FONBET