
Рууд ван Нистелрой "Лестер Сити" клубының капитаны Джейми Вардиді "Ұлы ойыншы" деп атап, оның командаға қосқан үлесін жоғары бағалады. Бұл сөздер Вардидің Ипсвич Таунға қарсы өткізген "Лестер Сити" үшінгі соңғы ойынынан кейін айтылды. Кездесуде "Лестер" 2:0 есебімен жеңіске жетіп, Варди "Түлкілер" сапындағы 500-ші яғни соңғы матчында дәл 200-ші голын соқты.
"Егер сен 500 матчта 200-гол соқсаң — сен нағыз ұлы ойыншысың. Ол бұл клубтың үшін тек ғана ойыншысы емес, ерекше тұлғасы да болып қалады. Келешекте біз оның маңыздылығын шын мәнінде түсінетін боламыз. Вардидің мінезі және өзгеше бір қыры бар. Ол тамаша капитан. Біз бұл матчта Жейми үшін де, әрі өзіміздің нәтижізді жақсарту үшін де барымызды салдық.” — деді Ван Нистелрой Premier League Productions-қа берген сұхбатында.
Матч соңында Варди “Лестер Сити” жанкүйерлеріне:
"Мен бұл клубта өткізген әрбір минуттан ләззат алдым. Бұл менің жүрегімде мәңгі сақталады. Отбасымды да жылы қабылдағандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздердің сенімдеріңізді ақтай алдым деп үміттенемін.” деді.
Біздің серіктес: FONBET