Бүгін "Астана-Аренада" Қазақстан құрамасы мен Сирия арасында жолдастық кездесу өтеді. Осымен қос құрама 4-ші рет кездеспекші екен. Бұған дейінгі үш кездесу қорытындысы бойынша Сирия 0:7 есебімен , Қазақстанды үш кездесуде де жеңген екен.
Алғаш рет аталмыш екі құрама 1996-жылдың 21-маусымында Дамаскіде кездесіпті. Бұл ойын Қазақстанның сырт алаңдағы алғашқы ресми ойыны болыпты және Дмитрий Юрист алғаш рет сынға түсіпті.. Бұл ойында алаң иелері 2:0 есебімен жерлестерімізді ұтыпты.
1996-жылдың 12-шілдесінде Юрий Ишутин және жартылай қорғаушы Константин Котов алғаш рет сынға түскен , Алматыда болған қарымта ойында ұлттық құрамамыз 0:1 есебімен тағы да ұтылуға мәжбүр болды.
Соңғы кездесу 2000-жылдың 26-мамырында Амманда , Иордания королінің кубогі аясында өтті. Давид Лория мен Максим Самченко қатысқан бұл ойында Қазақстан құрамасы аталмыш қарсыластарынан 0:4 есебімен ойсырай ұтылды.
Автор: Думан Балықбаев