«Қазтрансгаз» халықаралық турнирде жүлдегер атанды

10.08.2011, 15:24
«Қазтрансгаз» халықаралық турнирде жүлдегер атанды
«Қазтрансгаз» компаниясының футбол командасы Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен жарыста 30 команда арасынан топ жарды. Сонымен қатар, компания қызметкерлері мен еншілес кәсіпорындардан құралған ұжым, Берлин қаласында өткен «Газпром Германия» кубогы халықаралық жарысында жүлдегер атанды. Жартылай финалда Қазақстандықтар Шальке-04 командасынан 0:1 есебімен ұтылды. Ал үшінші орын үшін болған матчта «Герта» футболшыларынан басым түсті. Есеп:3:0. Шетелдік әріптестері, «Қазтрансгаз» ойыншыларының деңгейін жоғары бағалап, жерлесіміз Ерлан Оразаев ең үздік шабуылшы атанды. Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Торонто қаласындағы халықаралық турнирдің екінші кезеңіне шықты. Алғашқы айналымда Француз қызы Марион Бартолимен кездескен Воскобоева 6:3, 6:3 есебімен басым түсті. Ал Монреальдағы ерлер арасындағы жарыста Андрей Голубев Бразилия теннисшісі Томас Белуччиден ұтылып қалды. Есеп:5:7, 6:7.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×