Казахстан — Сирия 3 /+0=0–3/ 0–7 /

10.08.2011, 15:47
Казахстан — Сирия 3 /+0=0–3/ 0–7 /
Бүгін "Астана-Аренада" Қазақстан құрамасы мен Сирия арасында жолдастық кездесу өтеді. Осымен қос құрама 4-ші рет кездеспекші екен. Бұған дейінгі үш кездесу қорытындысы бойынша Сирия 0:7 есебімен , Қазақстанды үш кездесуде де жеңген екен. Алғаш рет аталмыш екі құрама 1996-жылдың  21-маусымында Дамаскіде кездесіпті. Бұл ойын Қазақстанның сырт алаңдағы алғашқы ресми ойыны болыпты және Дмитрий Юрист алғаш рет сынға түсіпті.. Бұл ойында алаң иелері 2:0 есебімен жерлестерімізді ұтыпты. 1996-жылдың 12-шілдесінде Юрий Ишутин және  жартылай қорғаушы  Константин Котов алғаш рет сынға түскен ,  Алматыда болған қарымта ойында ұлттық құрамамыз 0:1  есебімен тағы да ұтылуға мәжбүр болды. Соңғы кездесу 2000-жылдың 26-мамырында Амманда , Иордания королінің кубогі аясында өтті. Давид Лория мен  Максим Самченко қатысқан бұл ойында Қазақстан құрамасы аталмыш қарсыластарынан 0:4 есебімен ойсырай ұтылды. Автор: Думан Балықбаев
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×