Ұлтыңды сүйсең, осылай сүй!

10.08.2011, 08:23
Ұлтыңды сүйсең, осылай сүй!
Дағыстандықтардан үлгі алсақ несі айып? Спортты қарқынды дамытып отырған елдің бірі - Дағыстан. Көптеген жекпе-жек түрлері бойынша Ресейдің атын шығарып отырған дағыстандық мұсылман бауырларымыз десек қателеспейміз. Бұл ретте Дағыстанда туып-өскен, ұлты шешен Бувайсар Сайтиевті алдымен айтып өтсек болады. Еркін күрестен үш дүркін Олимпиада, алты дүркін әлем және алты дүркін Еуропа чемпионы болып табылатын даңқты балуан ел спортының дамуына сүбелі үлес қосты. Бірақ айтпағымыз бұл емес. Біз спортты дамытуда осы дағыстандықтардан үлгі алсақ, олардың ұлтжандылығына сүйсініп, өзіміз де ойлансақ... Атағы алысқа жеткен дағыстандық шеберлердің сала-құлаш тізімінен кәсіпқой боксшы Сұлтан Ибрагимов, еркін күрестен 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Ширвани Мурадов, бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Артур Бетербиев, еркін күрестен әлемнің және Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы Юрий Шахмурадов, бокстан Афины Олимпиадасында топ жарған Гайдарбек Гайдарбеков т.б. сынды спортшыларды табуға болады. Негізінен авар, құмық, дарғын, лезгин ұлттарынан құралған Дағыстан елі бүгінде командалық спорттың дамуына да үлкен мән беріп отыр. Ұлт жанашырлары алдымен әлемдегі нөмір бірінші спорт - футболға жете көңіл бөлуді жөн деп тапқан сыңайлы. Ћазір осы елдің бетке ұстар футбол ұжымы - «Анжидің» төңірегінде жағымды жаңалық көп. Нақтырақ айтсақ, ағымдағы жылдың қаңтар айында ғана бұл клуб дағыстандық миллиардер Сулейман Керімовтің иелігіне 100 пайыз өтті. Ћарызы 132,1 миллион Ресей сомына жеткен команданы сенімді қолға тапсыруға Дағыстан Республикасының басшысы Магомедсалам Магомедовтің өзі мүдделі болды. Бір анығы, Керімов клубты сатып алған жоқ, ол оған тегін берілді. €йткені ел басшылығы Сулейманның клуб болашағын жарқын етеріне сенді. €з кезегінде Керімов те кергіп қалған жоқ, ол жыл сайын командаға 50 миллион АЋШ долларын шығындап отыратынын мәлімдеді. «Форбс» журналының мәліметіне сай, байлығы 5,5 миллиард долларға тең келетін Керімов УЕФА-ның барлық талаптарына жауап беретін заманауи стадион салуды да өз мойнына алды. Бұл стадион 42 мың жанкүйерге арналады деп жоспарланып отыр. Ресейдің «Газпром», «Сбербанк», «Оралкалий», «Полиметалл», «ПолюсЗолото» және басқа да компанияларының акциясына ие Керімов клубты қолына алған кезден бастап-ақ іске бел шеше кірісті. Оның кезінде Италияның «Ромасын» сатып алмақ болғанын футбол мамандары ұмыта қойған жоқ. Енді міне, өзге елдің клубын жарылқағанша өз еліне пайдасын тигізуге ниет еткен Керімов «Анжидің» құрамын атақты футболшылармен толтыруда. Бұл ретте ең алдымен бразилиялық жұлдыз - Роберто Карлосты атап өтеміз. Иә, ол бүгінде ардагерлер санатына енеді. Бірақ бір кездері әлемнің ең үздік футболшылары қатарында болған, 2002 жылғы әлем чемпионы Карлосқа құда түскендер жетерлік еді. Сондай-ақ биылғы маусымда «Анжидің» сапына бразилиялық жартылай қорғаушы Жусиле да Сильва, оның отандасы, шабуылшы Диего Тарделли, бельгиялық Мбарк Буссуфо сынды танымал ойыншылар қосылды. Ал жуырда «Анжидің» жейдесін ағылшынның «Челсиінде» доп тепкен Юрий Жирковтың да киетіні мәлім болды. Ресей құрамасының белді ойыншысы: «Беделді клубпен келісімшартты бұзу оңай шаруа емес, дегенмен болар іс болды, енді шегінуге жол жоқ. «Анжидің» басшылығы клубтың алдына биік мақсат қойып отыр, алдағы уақытта сол жоспарды жүзеге асыруға тырысамыз» - дейді. Керімов пен «Анжидің» бас бапкері Гаджи Гаджиев мұнымен де тоқтап қалмақ емес. Олар енді аз күнде команда қатарына «Арсеналдың» ойыншысы Андрей Аршавин мен «Зениттің» сапындағы шабуылшы Данко Лазовичті тартуды көздеп отыр. Ақпарат көздеріне сенсек, аталған екі ойыншы да «Анжи» құрамын толықтыруға келісімдерін берген көрінеді. Серб жігіті Данко Лазовичтің және Андрей Аршавиннің Махачкала ұжымының шабуыл шебін күшейте түсетіндері сөзсіз. Көп жағдайда футболшылардың іс аяғына жеткенше мұндай ақпараттарды құпия ұстауға тырысатыны белгілі. Сол айтпақшы, екі ойыншы да бұл ақпараттардың негізі жоқ деп мәлімдеген екен. Бірақ «Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды» демекші, көп ұзамай бұл деректердің шындыққа айналуы ғажап емес. Жақсы жағдай ұсынылып тұрса футболшылардың көбінесе ешқайда қашпайтынын білеміз. Ал «Анжи» жетекшілері өз қатарларын толықтыратын ойыншыларға барлық қолайлы жағдайлар тудырып отыр. Оның үстіне Аршавиннің «Арсеналда» қосалқы құрамда көбірек қалып қойып жүргенінен хабардармыз. Алаңдағы тартысты орындықта отырып, тамашалау қай футболшыға да ұнамайтыны анық. Аошавиннің бас бапкер Арсен Венгермен қарым-қатынасы да ушыға түскен көрінеді. Ћол қойылуы мүмкін деген келісімшарттардың ішінде Анатолий Тимощуктікі бар. Бұл күндері немістің «Бавариясында» ойнап жүрген жартылай қорғаушыға «Анжи» 8 миллион еуро төлеуге келісіпті. Бірақ «АиФ Петербург» басылымы хабарлағандай, Тимощук жақын арада Санкт-Петербордың «Зенитіне» қайтып оралмақ. Әйтсе де қазіргі уақытта оның дәл қай клубтың қатарына өтерін нақ айту мүмкін емес. «Анжиді» өрге сүйреуге белді бекем буған Сулейман Керімов пен Гаджи Гаджиев алға қойған мақсатқа жету үшін ақшаны аямай төгуде. Бірақ олар қаржыны оңды-солды шашуда деп айта алмайсыз. Жоғарыда аттары аталған футболшылардың бәрі де өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда. Әсіресе, команда капитаны болып тағайындалған Роберто Карлос жаңа командасына көп пайдасын тигізуде. Жергілікті жанкүйердің сүйіктісіне айналған Карлос әрбір ойынға аса жауапкершілікпен қарайтынын, Махачкалаға келгелі бері футболға деген сүйіспеншілігі қайтадан арта түскенін мәлімдеді. Ћазіргі уақытта Ресей премьер-лигасында жақсы қырынан көрініп жүрген «Анжи» мықтылармен тең бәсекелесуде. 19 кездесуден кейін 33 ұпай жинаған команда «ЦСКА», «Зенит», «Динамо» сынды атақты клубтарды алдына салып, 4-орында келеді. Міне, осылайша дағыстандықтар ортақ істе жұдырық болып жұмыла білуде. Еркін күрес, жекпе-жек түрлері бойынша Ресейде озық тұрған тау халқының ұландары халқы үш миллионға да жетпейтін Дағыстанның атын әлемге танытып отыр. Енді олар сол үрдісті миллиондарды арбаған ала доп арқылы жалғастыруға қадам жасауда. Керімов сияқты байлар бізде де жеткілікті. Бірақ солардың қайсысы спортта атымтай жомарт атанып жүр, еске түсіріп көрелікші. Көпке топырақ шашудан аулақпыз, дегенмен қолдан келгенше ел спортын дамытуға үлес қосып жүрген бірен-саран ағаларымыздың бар екенін де айтуға тиіспіз. Алайда дәл Керімовтердей миллиондаған доллар қаржысын құйып, спорттың дамуына атсалысып отырған алпауытты көріп отырған жоқпыз. Ћазақстан футболындағы қай команда сенімді қолда? Жыл сайын еурокубоктарда доп тебудің орнына төменгі топқа түсіп қалмаудың қамын күйттейтін маңдайалды «қайратымыздың» халі анау... Айқын газеті
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×