Клинсманн жұмысына кірісті

10.08.2011, 08:10
Клинсманн жұмысына кірісті
АҚШ құрамасының жаңа тағайындалған бас бапкері Юрген Клинсманн жұмысына құлшына кірісіп кетті. Еске салып өтейік, неміс маманы өткен аптада жаттықтырушы Боб Бредлиді алмастырған болатын. Әлем Кубогы иегерінің басшылығымен америкалықтар алғашқы матчын Мексика командасымен жолдастық кездесу өткізеді. Жаттықтырушы футболшыларының қорғаныста ғана қалып қоймай, шабуылдаушы ойын үлгісін қолданатынын назарға алып отырғанын айтады. Мексикалықтарды осы тәсілмен жеңіп жатсақ, 2014 жылы өтетін Әлем чемпионатының іріктеу сынында да топ жаруға мүмкіндігіміз бар, дейді Клинсман. kaztrk.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×