Қазақстан кәсіпқой лигасы өзгеріске ұшырайды

Ребрендинг жасалуы қажет деп есептейді көпшілік. Дұрыс!

Қазақстан кәсіпқой лигасы өзгеріске ұшырайды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2024 жылғы жаңа маусымды жаңа логотиппен, жаңа қарқынмен бастамақшы. Енді футбол лигасы түбегейлі өзгереді. ҚПЛ матчтарының барлығы арнайы жасалған қосымша арқылы көрсетіледі. Үш бірдей телеарна көрсететін ойындардан бөлек, ҚПЛ турындағы барлық матчты енді сіздер мобильді қосымшадан да тамашалай аласыздар. Ол жайлы ҚКФЛ президенті Рафаэль Гарибян айтып берді. 

Сонымен қатар, лига әр матчты комментаторлардың сүйемелдеуімін жүргізіп, трансляция сапасын күшейтпекші. Бұл жайлы толығырақ бүгін өтетін тұсаукесерде белгілі болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ҚПЛ
×