Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы мансабын қайта бастады

32 жастағы Сергей Хижниченко жаңа командамен келісімге келді, деп жазады Аладоп.кз.

Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы мансабын қайта бастады

Мансабын қайта бастауды жөн көрген шабуылшы “Алтай” командасымен келісімшартқа отырды. Ол аталған ұжымда 2024 жылдың соңына дейін өнер көрсетеді. Команда екінші лигада өнер көрсететінін айта кетейік.

Соңғы рет Хижниченко жасыл алаңда 2022 жылы өнер көрсеткен. 

Шабуылшы өз мансабында “Восток", "Астана", "Атырау", "Шахтер", "Корона" (Польша), "Ақтөбе", "Тобыл", "Шахтер" (Беларусь) және "Ордабасы" клубтарында доп тепті. 

Құрама сапында 52 ойын өткізіп, 8 гол соққан Сергей ел командасының топ-10 сұрмергендерінің қатарына кіреді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×