
«Елімай» мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Иван Свиридов Молдованың «Шериф» клубына ауысуға жақын болған.
Бұл туралы футболшының өзі «Футбол Плюс» бағдарламасының студиясында мәлімдеген болатын.
«Менің арманым бар — әр матчты лық толы стадионда өткізіп, нағыз футболшы екенімді сезінсем деймін. Семейде стадион әрқашан толы, жанкүйерлердің қолдауы керемет, алаңға шыққанда өзіңді футболшы ретінде сезінесің, сені бәрі таниды. Маған Еуропадан ұсыныстар түсті, бірақ клубтар келісімге келе алған жоқ. Қайда? Екі жыл бұрын «Шахтерде» жүрген кезде „Шерифтен“ ұсыныс түскен еді», — деді И. Свиридов.
Айта кетейік, Иван Свиридов ҚПЛ-2025-тің екі ойынында бір ассисттің авторы атанды. Шабуылшы мен семейлік клубтың келісімшарты биылғы жылдың аяғына дейін жарамды. 22-жастағы футболшы мансабында «Шахтер» және «Астана» сапында доп тепкен. Нарықтық бағасы 300 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET