
«Елімай» шабуылшысы Иван Свиридов «Футбол Плюс» бағдарламасының эфирінде Қазақстан чемпионатының үшінші турындағы «Тобылға» қарсы матч туралы пікірімен бөлісті.
Бүгін қос клуб ҚПЛ-дің үшінші турының аясында өзара кездесу өткізеді.
«Елімайдың» мақсаты — тек жоғары орындар үшін күресу және әр матчта жеңіске жету. «Тобыл» ға да қатысты. Қостанайға тек жеңіс үшін барамыз. Әрине, ойын оңай болмайды. Біріншіден, манеждегі жасанды төсеніш өте нашар. Екіншіден, «Тобыл» құрамының жартысынан көбі былтырдан сақталып қалған. Олар — үйлесімді команда. Ислам Чесноков жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Біз Лихтенштейнмен өткен матчты Муртазаевпен бірге көрдік, әзілдеп, Ислам ойнап, шаршап қалады деп үміттендік», — деді шабуылшы.
Иван Свиридов премьер-лиганың жаңа маусымында екі ойында өнер көрсетіп, бір ассисттің авторы атанды. Шабуылшы мен семейлік клубтың келісімшарты биылғы жылдың аяғына дейін жарамды. 22-жастағы футболшы мансабында «Шахтер» және «Астана» сапында доп тепкен. Нарықтық бағасы 300 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET