Украиналық комментатор: «Гуцуляк Қазақстан чемпионатынан Украина құрамасына шақырту ала алмайды»

Бүгін, 10:45

Украиналық танымал футбол комментаторы Виктор Вацко отандасы Алексей Гуцуляктың Шымкенттік «Ордабасы» клубына ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Украиналық комментатор: «Гуцуляк Қазақстан чемпионатынан Украина құрамасына шақырту ала алмайды»
Алексей Гуцуляк

Ол футболшының Қазақстан Премьер лигасында өнер көрсетуі Украина ұлттық құрамасындағы болашағына кері әсер етуі мүмкін екенін айтты.

Вацконың пікірінше, Гуцуляктың мұндай шешім қабылдауына қаржылық жағдай әсер еткен болуы ықтимал.

«Бұл – футболшының мансабында жағдайдың қалай өзгеретінін көрсететін ерекше мысал. «Ордабасы» оған «Полесьеге» қарағанда әлдеқайда жақсы жағдай ұсына ма? Егер олай болмаса, бұл шешімді түсіну қиын. Менің естуімше, «Полесье» Гуцуляктың келісімшартындағы қаржылық шарттарды жақсартуға дайын болған. Дегенмен ол «Ордабасыда» көбірек табыс табады деп ойлаймын», – деді Вацко.

Сонымен қатар Украиналық комментатор Қазақстан чемпионатының деңгейіне қатысты өткір пікір білдірді.

Оның айтуынша, Гуцуляктың Қазақстан Премьер лигасында ойнап жүріп Украина ұлттық құрамасына шақырту алуы іс жүзінде мүмкін емес.

Дегенмен Вацко футболшының жаңа клубындағы белгілі бір артықшылықтарды да атап өтті. Соның бірі – «Ордабасының» Қазақстан чемпионы ретінде Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысу мүмкіндігі.

«Бұл таңдаудың оң тұсы – Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ойнау мүмкіндігі. Өйткені «Ордабасы» Қазақстан чемпионы атанды. Әркімнің бұл трансферге қатысты өз пікірі болуы мүмкін. Біреулер сынайды, енді біреулер аяушылық білдіреді. Бірақ мен Қазақстанға ауысудың өзінен ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпын», – деді комментатор.

Соған қарамастан Вацко Гуцуляктың бұл шешімі оның халықаралық мансабына айтарлықтай әсер етуі мүмкін деген ұстанымынан қайтпады.

«Ол ұлттық құрамадағы болашағына өзі нүкте қойды. Бұл – оның таңдауы», – деп түйіндеді Украиналық маман.

Айта кетейік, Шымкенттік «Ордабасы» 2026 жылғы Қазақстан Премьер лигасында 68 ұпай жинап, чемпион атанды. Осылайша, клуб келесі маусымда УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсету құқығына ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×