Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Тұранмен» келісімге келді

01.07.2025, 14:35

Бізге жеткен инсайдтық ақпаратқа сәйкес, Айбар Абдулла «Тұранға» ауысады.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Тұранмен» келісімге келді
Айбар Абдулла

23 жастағы орталық шабуылшы маусымды «Ақтөбеде» бастап, «ақ-қызылдар» жейдесінде ҚПЛ аясындағы 8 кездесуге қатысты. «Қайраттың» түлегі сондай-ақ, қарағандылық «Шахтер», «Қайрат-Москва» клубтарының намысын қорғады. Бұдан бөлек, Қазақстан U21 командасының жейдесінде 9 матчта 3 голдың авторы атанған болатын.

Футболшы мен ақтөбелік клубтың келісімшарты биылғы жылдың аяғына дейін жарамды. Нарықтық бағасы 100 мың еуро. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×