“Жұмыс әлі біткен жоқ….”

01.07.2025, 17:00

Клубтық әлем чемпионатының 1/8 финалында "Аль-Хиляль" командасы "Манчестер Ситиден" 4:3 есебімен басым түсті. Осы жеңістен кейін клубтың баспасөз қызметі әйгілі Америкалық баскетболшы Коби Брайанттың тарихи сөзін еске алды.

“Жұмыс әлі біткен жоқ….”

"Жұмыс әлі біткен жоқ" – деп жазды "Аль-Хиляль” өзінің ресми парақшасында.

Бұл сөзді Коби Брайант 2009 жылғы НБА финалында баспасөз мәслихаты кезінде айтқан болатын. Сол кезде БАҚ өкілдері одан: "Неге сен бақытты болып көрінбей тұрсың?" – деп сұрағанда, оның командасы "Лос-Анджелес Лейкерс" финалдық серияда 2:0 есебімен алда келе жатқан еді. Алайда Коби сабырмен: "Жұмыс әлі біткен жоқ” деп жауап берген. Кейінірек "Лейкерс" сол финалды жеңіп, Брайант өзінің төртінші чемпиондық титулын иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×