Қазақстан кубогындағы фаворит кім?

25.06.2025, 16:26

Бүгін Қазақстан кубогының алғашқы жартылай финалдық матчтары өтеді.

Қазақстан кубогындағы фаворит кім?

«Қызылжар» (Петропавл) – «Ордабасы» (Шымкент)
Матчтың басталуы: 18:00
Өтетін орны: «Қарасай» стадионы (Петропавл қаласы)

«Қызылжардың» жеңісі – 18
«Ордабасының» жеңісі – 18
Тең нәтижелер – 8

Командалар бұған дейін Қазақстан кубогында 2023 жылы ширек финалда жолығып, «Ордабасы» келесі айналымға өткен еді. Ал ел чемпионатында командалар 0:0 есебімен тең тарқасқан. «Қызылжардың» бас бапкері Милич Чурчич 2023 жылы «Тобыл» сапында чемпион атанған еді. Енді сол жетістігін өзге клубпен қайталауға ниетті. Қазірдің өзінде Петропавлдың командасы жоғары көрсеткіштерін тіркеді. Өйткені олар 2003 жылы ғана Қазақстан кубогының жартылай финалына дейін жеткен. Бұл жұп та кімнің келесі кезеңге өтетінін басып айту өте қиын. Шымкенттіктер сырт алаңда сәтті доп тебеді деп те айта алмаймыз. Петропавлда өткен кейінгі 3 матчта тек 1 голдан ғана соғылған. Осы жолы да ойында көп гол соғылады деп ойламаймыз.

«Тобыл» (Қостанай) – «Жеңіс» (Астана)
Матчтың басталуы: 20:00
Өтетін орны: «Орталық» стадион (Қостанай қаласы)

«Тобылдың» жеңісі – 13
 «Жеңістің» жеңісі – 18
Тең нәтижелер – 9

Қазақстан кубогының жартылай финалындағы басты фаворит «Тобыл». Неге? Команда 2023 жылы ел кубогын жеңіп алса, 2024 жылы жартылай финалға дейін жетті. Қазақстан чемпионы атағына үміткерлердің қатарына кіргенімен, қостанайлықтар өткен маусымда еурокубок жолдамасын ала алмады. Биыл «Тобыл» ТОП-3-ке кіріп тұрғанымен, әлі тағдырдың қалай болатыны белгісіз. Ел кубогындағы қолайлы жеребе, «Астана», «Қайрат», «Ақтөбе» сынды алпауыттар жоқ жерде қостанайлықтардың қайта кубокты басына көтеруге жақсы мүмкіндік. Бірақ «Жеңісті» де тізімнен сызып тастай алмаймыз. Украиналық маман келгелі «Жеңіс» 2 мәрте қатарынан ел чемпионатында жеңіске жетті. Өткен маусымда ұжым мықты командалармен кездессе де, Лига кубогының финалына дейін жете алды. Елордалықтар осы маусымдағы басты мақсаты – Қазақстан кубогын ұтып, еурокубок жолдамасын иелену деп ашық айтты. Сондықтан қорғаныста жатса да, «Жеңіс» ысқырық шалынғанша, оңайлықпен берілмесі түсінікті. Командалар 2024 жылы 3 мәрте жолығып, елордалықтар 2 жеңіс, 1 тең көрсеткіш тіркеген.

Айта кетейік, қарымта ойындар 30 тамызға жоспарланған. Ал финалдың уақыты әзірше белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×