Қазақстан - Өзбекстан : Қай елдің лигасы мықты? Қай жерде футбол сапалырақ?

Бүгін, 14:49

"Жеңіс” сапында өнер көрсетіп жүрген Грузиялық легионер Элгуджа Лобжанидзе ел ел футболының айырмашылығы жайлы айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстан - Өзбекстан : Қай елдің лигасы мықты? Қай жерде футбол сапалырақ?

Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында Лобжанидзе екі біріншіліктің басты ерекшеліктеріне тоқталды. Оның айтуынша, сырт көзге ұқсас көрінгенімен, әр лиганың өз мінезі бар.

Өзбекстан чемпионатында футболшылар жылдамдыққа және техникаға көбірек мән береді. Ойын қарқыны жоғары, доппен жұмыс істеу шеберлігі бірінші орында.

Қазақстан Премьер лигасында футбол көбіне физикалық дайындық пен күшке негізделген. “Силовой” стиль басым, яғни алаңдағы жекпе-жек пен төзімділік шешуші рөл атқарады.

Дегенмен, Элгуджа екі елдің деңгейін жер мен көктей деп айтудан аулақ. Тәжірибелі шабуылшының пікірінше, жалпы сапа жағынан алғанда екі лиганың деңгейі шамалас.

“Бұл мен үшін әрқашан қиын сұрақ. Таза футбол тұрғысынан қарасақ, деңгейлері бірдей деп ойлаймын. Әрине, айырмашылық бар: ол жақта (Өзбекстанда) жылдам футбол, мұнда (Қазақстанда) күшке негізделген ойын басым. Бірақ бұл айырмашылық өте үлкен деп айта алмаймын. Негізінен — екеуі де бір деңгейдегі чемпионаттар.” — деді футболшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×