ҚПЛ жанкүйерлері сүйікті командасының матчын тамашалау үшін қанша теңге төлеп жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Match KZ мәліметтеріне сүйенсек, биылғы баға саясаты елді біраз таңғалдырып отыр, біреулер үшін футбол — қымбат ләззат, ал кейбір қалаларда стадион есігі айқара ашық.
Билет құны бойынша көш басында Алматының “Қайраты” тұр. Аңызға айналған стадионда футбол көру үшін жанкүйерлер 1500-ден 7000 теңгеге дейін шығындалуы керек. Бұл — лигадағы ең жоғары көрсеткіш.
Сондай-ақ, бағасы едәуір жоғары клубтардың қатарына мыналар кіреді:
– “Жеңіс”: 1000 – 4000 теңге
– “Қайсар”: 1000 – 3000 теңге
– “Жетісу”: 1750 – 3000 теңге
Елордалық “Астана” мен Шымкенттің “Ордабасы” клубтары бағаны орташа деңгейде ұстап отыр. Ел чемпиондарының ойынын тамашалау құны 800-ден 2500 теңге аралығында құбылады.
Қазақстанның батысы мен солтүстігінде футбол бағасы әлдеқайда қолжетімді. Мәселен, “Ақтөбе” мен “Атырау” жанкүйерлері үшін билет бағасы небәрі 500-700 теңге. Ал Қостанайдың “Тобылы” өз матчтарына 500-1000 теңге аралығында кіргізеді.
Ал мына командалардың үй иесі ретіндегі матчтарына мүлдем тегін кіруге болады:
– “Ұлытау”
– “Қызылжар”
– “Елімай”
– “Оқжетпес”
– “Каспий”
– “Алтай”
Еске сала кетсек, кейбір клубтар инфрақұрылым мәселесі бойынша уақытша өзге қалада, өзге стадиондарда ойындарын өткізуде.