Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары қандай көлік жүргізетіні белгілі болды

11.03.2024, 22:47

“Соқкер” ютуб-арнасы құрама ойыншыларының қандай көлік тізгіндеп жүргенін анықтап көрген екен. 

Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары қандай көлік жүргізетіні белгілі болды

Қазақстан құрамасы мен “Ордабасы” капитаны Асхат Тағыберген елордамыз Астана қаласында BMW X6 көлігін жүргізгенді құп көреді екен. Аталмыш көліктің нарықтағы бағасы 50 млн теңге. Ал шырайлы Шымкент шаһарының жолдарында ол Camry 75 көлігімен қозғалады екен (17 млн теңге). Оның үстіне Тағыберген көлік нарығында немістер мен жапондарға лайықты қарсылас атана алған Қытай зауытының өндірісіндегі Li L9 темір тұлпарымен де қала арасында қатынауды жөн көреді.

Тағыбергеннің “Ордабасыдағы” командаласы Сергей Малый мен Темірлан Ерланов 80 млн тұратын BMW X7 көліктерінің иегерлері екен.

“Астана” ФК ардагер ойыншысы Абзал Бейсебековтың таңдауы Lexus 570 темір тұлпарына түсіпті (68 млн).

Бауыржан Исламхан гаражында Toyota Highlander басты көлік саналады екен (38 млн).

Марочкин Mercedes S-Class көлігінің қожайыны екен (30 млн).

Ұлттық құраманың Number 1 қақпашысы Игорь Шацкий болса, Kia Sportage темір тұлпарымен желдей жүйткеймін дейді (15 млн). 

Жоғары да аты аталған футболшылардың көліктерінің бағасымен салыстырғанда, Бағдат Қайыровтың Camry 55 темір тұлпары ең арзаны болып саналып отыр. Қазіргі кезде камри көлігінің 55 сериясы сату алаңдарында 11 млн теңге тұрады. 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 31
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
×