Криштиану Роналдудың ең сәтсіз матчы

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
12.03.2024, 09:37

Кеше Сауд Арабиясының "Әл-Насры" мен Біріккен Араб әмірлігінің "Әл-Айны" АФК Чемпиондар лигасының 1/4 финалдық кезеңінің қарымта кездесуінде жолықты. Бір апта бұрынғы бәсеке "Әл-Айнның" жеңісімен аяқталған (1:0).

Криштиану Роналдудың ең сәтсіз матчы

Жауапты кездесуде командалар негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алған жоқ. Овертаймда да тең түсті. Сөйтіп, ширек финалдың тағдыры матч соңындағы пенальтиде шешілген болатын. "Әл-Наср" қатарында жалғыз Криштиану Роналду ғана өзінің мүмкіндігін пайдаланса, қарсыласта ешкім мүлт кеткен жоқ. Сонымен, португалиялық футболшының клубы жарыс жолын аяқтады. Криштианудың өзіне келер болсақ, бұл матчта "Алтын доп" иегерінің ойын тағдырын шешіп тастайтын бірнеше мүмкіндігі болған. Әсіресе, есеп 2:2  болған екінші таймда "Әл-Наср" капитаны қақпашымен бірге-бір шығып тұрып гол сала алмай кетті. Криштиану Роналдудың дәуірі аяқталып барады ма, жоқ соңғы уақытта басынан өтіп жатқан жағдайлардың салдарынан жүйкесі сыр беріп жатыр ма? 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 24
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 4
Серіктес жаңалықтары
×